14.06.2019, 16:56
Оқылды: 306

Оралда президенттік көпсайыстан республикалық чемпионат басталды

Бүгін Орал қаласындағы «Атоян» стадионында президенттік көпсайыстан республикалық чемпионат салтанатты түрде ашылды.

IMG_4820

Спорттық дода ҚР Ішкі істер министрлігі және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесінің ұйымдастыруымен құқық қорғау қызметтерінің арнайы бөліністері арасында өтеді.

 IMG_4842

Оған Қазақстан Республикасы  ІІМ командасы, ҚР Ұлттық Ұлан, ҚР ІІМ Мемлекеттік күзет қызмет басқармасы, ҚР ІІМ көлік ПД, Нұр-Сұлтан қаласының, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Қарағанды, Қостанай мен Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл мен Батыс Қазақстан облысы командалары қатысуда.

Чемпионаттың ашылуына БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Өтелбаев, ҚР  ІІМ «Динамо» дене шынықтыру қоғамы орталық кеңесі спорт басқармасының бастығы Николай Князев, ҚР ІІМ арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Арслан Саттаров, БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Манарбек Габдуллин, Қазақстан Республикасы ІІО және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы милиция полковнигі Жайлыбай Адаев арнайы қатысты.

IMG_4868

Республикалық чемпионаттың ашылуында Нұржан Өтелбаев өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген командаларға жеңіс тілеп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы қызметтерінде толағай табысқа кенелуге тілектес екенін жеткізді.

Гүламан  Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале