19.04.2021, 21:44
Оқылды: 128

Оралда тапаншамен жүрген ер адам ұсталды

Оралда қала көшесінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

тап

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, 5517-әскери бөлімінің құрамында қатардағы жауынгерлер Санжар Тоқтоев (топ басшысы, Әлмұхамед Қабатаев және Геннадий Черняевский бар жасағы Н.Назарбаев даңғылы бойында күдік туғызған еуропалық нәсілдес тұрғынды байқады.

Күдікті тәртіп сақшыларын көріп, сытылып кетуге тырысқанымен, қолға түсті. Куәгерлердің қатысуымен қараған кезде ер адамның калтасынан пневматикалық тапанша табылды.

Одан әрі тергеу үшін ол полиция бөліміне жеткізілді. Қырағылығы мен кәсіби іс-қимылдары үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирі тарапынан марапатталды.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале