27.03.2022, 10:40
Оқылды: 89

Оралда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Оралда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды.

220327091417122e

БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сырым Датұлы көшесі, 19 мекенжайында опиоид тобының дәрі-дәрмегін заңсыз сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды қолға түсірді.

Департаменттің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласы сотымен санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізу барысында 84 дана ақ түсті таблетка, 15 пластинка «Трамадол», 7-10 мл 23 құты «Тропикамид» және 6 құты «Медакс» тәркіленді.

«Тәркіленген препараттар БҚО бойынша сот сараптамасы институтына жіберілді. Кейіннен материал ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті БҚО бойынша департаментіне заңды шешім қабылдау үшін берілетін болады.

"Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасуда", деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале