23.08.2023, 12:30
Оқылды: 129

Оралда жаңа автобустар берілді

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов «OralAvtotrans» мекемесінің жүргізушілеріне жаңа автобустардың кілтін табыстады. Автобустар Қазақстанда құрастырылған. 

автобус жп

Бұл автобустар қаладағы №5 және №12 бағытта жүретін  қоғамдық көліктерге беріліп отыр.

Қала әкімі өз сөзінде соңғы екі жылда 100-ге жуық автобус алынғаны туралы айтты.

автобус жп2

 

автобус жп1

- Жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл бағытта біз биыл бюджеттен 5,2 млрд қаржы бөлдік. Бүгін сіздерге табысталып отырған автобустар өте сапалы, заманауи көлік. Оның ішінде салқындатқышы, бір автобуста сегіз камерасы бар.  Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалған. Біз сіздерге жақсы автобус алып қана қоймай, сапалы жолмен де қамтуға тырысып жатырмыз. Биыл өздеріңіз білесіздер қалада жол жөндеу жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр, - деді қала әкімі Миржан Сатқанов.

Мекеме директоры бүгінгі жолақы шығынды ақтамайтынын, темір-терсектің тым қымбат екенін айтып қалды.

автобус жп4

- Біз алты автобусты №5  бағытқа, үш автобусты №12 бағыттағы қозғалысқа алып отырмыз. Нөмірі бесінші бағытта жүретін автобустарда ондай көп қиындық жоқ. Автобусты күту уақыты да үлкен емес. Бізде қиындық туғызып тұрған №12  бағытта қозғалатын автобус. Ол бағытқа жүретін адам нөпірі өте көп. Біз бүгін міне үш жаңа автобус алдық. Бірақ бұл мәселені шешпейді. Халықтың арыз-шағымы толастар емес. Жағдайды біртіндеп реттеуге тырысып жатырмыз,  деді «OralAvtotrans» мекемесінің директоры Қайрат Искаков.

автобус жп3

Жаңа автобустар ертең қала көшелеріне шығады.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале