30.10.2026, 10:00
Оқылды: 27

Оралда жас полицейлер мен ардагерлер бас қосты

Оралда ардагерлер, тәлімгерлер, жас полиция қызметкерлері және олардың ата-аналары, сондай-ақ "Жас сақшы" сыныбы тәрбиеленушілерінің қатысуымен "Ұрпақтар сабақтастығы" тақырыбында тағылымды форум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

WhatsApp-Image-2026-10-29-at-17.57.29

БҚО ПД бастығының орынбасары Сағын Қадыржан өз сөзінде жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуындағы тәлімгердің рөліне тоқталды.

Ол тәлімгердің дұрыс бағыт-бағдары мен тәжірибесінің арқасында жас тергеушінің 12 эпизодтан тұратын жеті қылмыстық істі аяқтағанын, ал табиғатты қорғау инспекторының алты ай ішінде 200-ге жуық құқық бұзушылықты анықтағанын атап өтті. Биыл жыл басынан бері облыс бойынша полиция қатарына 200-ден астам жас маман қабылданған болса, соның 100-ге жуығы Орал қалалық полиция басқармасының сапында қызмет атқаруда.

Форум аясында ерекше көзге түскен жас мамандар мен олардың ата-аналарына, ардагерлер мен тәлімгерлерге алғыс хаттар табысталып, ұрпақтар сабақтастығының жас буынды адалдыққа, тәртіпке және елге қызмет етуге тәрбиелеудегі маңызы атап өтілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале