24.06.2021, 20:23
Оқылды: 434

Оралда жергілікті ақынмен кездесу өтті

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ҚР ақпарат саласының үздігі, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің дипломанты, ақын Ертай Бимұхановпен кездесу өткізді.

111

«Ақ Жайық қаламгерлері» жобасы бойынша өткен сырлы сұқбатқа кітапханашылармен қатар қала мектептерінің мұғалімдері де қатысты.

Қатысушылар ақынның шығармашылық өмірбаянымен танысып, сұрақтар қойып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

Мұхит, Ғарифолла әндерін орындаушылардың республикалық байқауының жүлдегері Мереке Амандықұлы кештің қонағы болып, ән шырқады.

Ақын Е.Бимұханов кітапханаға өзінің өткен жылы шыққан «Әуен» таңдамалы жыр кітабын сыйға берді. Ал кітапхана директоры Эльвира Аманғалиева ақынға ұжым атынан естелік сыйлық табыстады.

Блиц-сұрақтар және ойын ассоциациясы бөлімдерін қамтыған кеште өлеңдер оқылып, емен-жарқын пікір алмасулар болды. Кешті кітапхананың бөлім меңгерушісі Гүлназ Хамзина жүргізді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале