17.11.2020, 13:08
Оқылды: 206

Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты

17 қараша күні таңертеңгі сағат 09:10 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 10 жасар бала көз жұмды.

201117135234a3719596d
- 1998 жылы туған жүргізуші Московская көшесінің бойында жаяу жүргіншіні соқты. 10 жасар бала ауыр жағдайда ҚКА жеткізілген еді. Өкінішке орай бала алған жарақаттарының салдарынан аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеп, тексеру жұмыстары басталды.

Осы орайда барлық ата-аналар балаларына жол ережелерін ескертіп отыруын, жүргізушілердің мұқияттық танытуын сұраймыз.

БҚО Полиция департаментінің атынан баланың ата-анасына, жақындарына қайғыра көңіл айтамын, - деді аталған департаменттің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале