29.01.2020, 17:33
Оқылды: 129

Оралдағы №2 мектепте STEM зертханалық кабинеті ашылды

Бүгін Орал қаласының Ж.Молдағалиев атындағы №2 мектепте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында STEM кабинеті ашылды.

oral (4)

Шараға білім басқармасы басшысының орынбасары З.Гумарова, Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, білім саласының қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

 Шара барысында биология, география және физика пәндері мұғалімдерінің қатысуымен STEM Smart Panel интерактивті жабдығын күнделікті оқытуда қолдану бойынша ашық сабақ өткізілді.

oral (3)

Жалпы STEM бағдарламасында жаратылыстану ғылымы, жаңа технологиялар, математика, инженерлік бағытқа басым назар аударылған. Зертханада бір мезетте 15-ке жуық бала сүйікті ісімен айналыса алады. Кабинетте 3D модельдеу зонасы, конструкторлық бюро, тестілеу зонасы сынды роботтарды жасауға арналған орын бар.

Ашық сабақ барысында виртуалды STEM кабинетінде STEM Smart Panel интерактивті жабдығын және мұғалімдерге барлық анатомиялық органдардың құрылымын егжей-тегжейлі талдауға және анимациялармен презентация жасауға мүмкіндік беретін, жоғары сапалы визуалды-интерактивті "Vived science" базалар қоры пайдалананылды.

oral (2)

Дәрістен кейін оқушылар сұрақтарға жауап беріп, нысандардың бөліктерін салыстыра отырып, жиналмалы модельдерді қайта жинады.

- Балалар - біздің болашағымыз. Технология заманында оқушылардың зияткерлік машығын дамыту қажетпіз. Алдағы уақытта тағы 15 мектепте STEM кабинеті ашылады, - дейді қала әкімі А.Шыныбеков.

oral (1)

Қазір виртуалды STEM кабинетімен Орал қаласының №2, 7, 10, 12 мектептері және А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясы жабдықталған.

Үміт Жәңгірова

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале