4.01.2024, 15:45
Оқылды: 18

Оралдағы жарылыс: жансақтау бөліміндегі екі адам Өзбекстан азаматы

Бүгін біз Орал қаласындағы Rizyq кафесіндегі жарылыс туралы хабарлаған едік. Осы оқиғаға байланысты БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов брифинг өткізіп, оқиға салдарынан зардап шеккен адамдар туралы толығырақ ақпарат берді.

ризык

Оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін 6 адам жеткізілген. Олардың барлығы да тексеріліп, 1 адам амбулаторияық ем алу үшін үйіне жіберілген.

«Тағы бір адам бет және мойын тұсының жеңіл күйігімен қалалық көпбейінді аурухананың травмотолиягиялық бөлімшесіне орналастырылды, ал қалған 4 жансақтау бөлімінде. Біреуінде екіжақты пневмоторекс және оң жақ иығының сүйегінің орта белінен сынуы, сонымен қатар 4 адам да жабық ми жарақатын алған. Төртеуінде өте қатты күйік шалған, күйіктің аумағы 52%-дан 15%-ға дейін. Олардың жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады Ерлан Тоқсанов.

Айта кету керек, жансақтау бөліміндегі төрт адамның екеуі ер адам, олар Өзбекстан азаматтары. Ауруханаға жатқызылғандардың қалған үшеуі Қазақстан азаматтары, олардың екеуі қыз бала.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале