14.12.2023, 11:00
Оқылды: 186

Оралдық егіздер Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүр

Бүгінгі мақалада Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы сапында әскери қызметін өтеп жүрген оралдық егіздер Аслан мен Руслан Жамбыловтар туралы жазбақпыз.

IMG-20231213-WA0076

Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында дүниеге келіп, сол ауданда ер жетіп, мектеп қабырғасын сол жерде тәмәмдаған жандар.

Кейіпкерлеріміз 11-сыныпты бітіріп Ұлттық біріңғай тест тапсырып, тегін оқуға түсе алмағандықтан, ақылы оқуға тапсырып ата-анамызға ауыртпалық түсірмейік деген мақсатпен әскерге баруға бел буады.

Осылайша Аслан мен Руслан 2020 жылы өз еріктерімен  Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына алынады.

Егіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөліміне келіп түседі. Аталмыш әскери бөлімде бір жыл бойы өздерінің Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, әскери қызметті одан әрі жалғастыруға бел буып келісімшарт бойынша әскери қызметші ретінде қызметтерін жалғастырады. Қазіргі таңда Аслан артиллериялық - зениттік дивизион бөлінісінде, ал бауыры Руслан болса жедел мақсаттағы батальонында қызмет  атқарып жүр.

Қандай сынға да дайын ағайындылар әскерге аттанар сәтте-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскер қатарына сұранған екен. Ағайынды Жамбуловтар әскери адамға қажетті ең басты нәрсе қиындықтар алдында иілмеу, достық пен өзара көмек сияқты қасиеттерге ие болу деп санайды. Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған кейіпкерлеріміз еңбекті, тәртіпті құрметтейтін отбасында өскен. Егіздердің ата-анасы Тимур мен Света бала тәрбиесіне ерекше мән берген.

– Шынымды айтсам біз ұлдарды қатты еркелеткен жоқпыз. Бала кезінен бастап еңбекке баулыдық, іс-әрекеттерін қадағалап отырдық. Мектепте жүргенде де мұғалімдердің алдында біз қызарып ұялған жоқпыз, – дейді балалардың анасы Света.

Ал егіздердің әскеридің әкесі Тимур Жамбылұлы былай дейді:

– Әскерде қызмет етуді әрбір перзенттің парызы деп санаймын. Жас жігіттер әскерден нағыз ер азамат болып оралады. Олардың ойлау қабілеті, мінезі жақсы жаққа өзгереді. Менің ойымша әскерге бармаудың негізсіз себептерін ойлап тапқаннан гөрі, әр балаға Отан алдында қызмет етудің артықшылықтарын айтып отыру керек. Әскери борышын өтеп келіп, байсалды өмір сүруден артық не бар, - деді.

 

Абылай Бекболатов,

аға лейтенант

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале