1.03.2023, 9:15
Оқылды: 112

Оралдықтар Алғыс айту күнін қалай атап өтеді

Бүгін, көктемнің алғашқы күні еліміз Алғыс айту күнін атап өтеді. Мерекеге орай қалада түрлі спорттық, мәдени, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

E86581EB-940E-42D3-9B69-795298BB65E5

1 наурыз күні сағат 11.00-де Алғыс айту күніне орай «Достық үйінде» концерт өтеді.

Ал сағат 19.00-де А.Н.Островский атындағы драма театрында қалалық үрмелі аспаптар оркестрінің «Көктем үндері» атты шығармашылық концерті өтеді.

«Жылы жүрек» акциясы аясында ҚХА өзге ұлт өкілдері сағат 11.30-да «Asia Mall», «Орал» ойын-сауық орталықтарында тұрғындарға ұлттық тағам бауырсақ таратады.

Қалалық кітапхананың барлық филиалдарында «Алғысым шексіз» атты танымдық сағаттары мен көрмелер өткізіледі.

Сондай-ақ, қала мектептерінде апта бойы «Мың алғыс айтамын» атты флешмобтар, «Заманымыздың батырлары», «Жылы жүрек – жақсы тілек», «Ризамын саған ұстазым» атты сынып сағаттары, танымдық шаралар мен акциялар ұйымдастыралады.

Алғыс айту күніне орай Зашаған кенті ардагерлері арасында, шахмат және дойбыдан қалалық жарыс өтеді.

Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік желілерде «Баталы елге бақ қонар» атты оқушылар арасындағы бата беру сайысы өткізіледі.

Дәл осы күні сағат 12.30-да «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале