26.02.2021, 9:22
Оқылды: 416

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы өтеді

 Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай ағымдағы жылдың 27 мамырында «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы (сырттай) өтетінін хабарлайды.

C7A13C6E-0760-40B6-A5F3-64F98C4E5389

       Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мен облыстық мектеп басшылары конкурстың жеңімпаздарын анықтап, жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген ереженің 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды және өтінімді («Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертті) ағымдағы жылғы 17 мамырға дейін облыстық білім басқармасына (211-бөлме) тапсыруы тиіс.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Сурет Qazaqstan. tv сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале