4.03.2021, 19:52
Оқылды: 103

Палуандарымыз жарады

Жуырда Талдықорған қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ерлер мен әйелдер арасында самбо күресінен ҚР чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысты.

Палуандарымыз жарады

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі халықаралық самбо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, палуандар жаңа салмақ дәреже­лерінде белдескен болатын. Үш күнге созылған додада облысымыздың намысын қорғаған спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көріне білді. Самбодан ерлер арасын­да  Болатбек Райымқұлов 58 келі, Нұрбол Серіков 71 келі, Ерке­бұлан Қалеш 88 келі, Темірлан Көлбай +98 келі салмақ дәрежеле­рінде бас жүлдеге ие болса, 58 ке­лі салмақта Ерлан Оңалов үшінші орынды еншіледі.

Самбодан әйелдер арасында Гүлдана Әлмұханбетова бірінші,  Әйгерім Телемгенова мен Құралай Қабырайқызы үшінші орындарды алды. Сондай-ақ әскери самбодан 64 келі салмақ дәрежесінде Әділбек Сейісов алтын, Қазбек Сұпығалиев күміс медальдар алды. Ал 71 келі салмақта күрескен Серік Қартабаев, 79 келіде Рафаэль Тасболатов, 98 келіде Әділет Қабылов тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.

Осынау үлкен жетістіктер БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БҚО самбо федерациясының, Райбек Меңдіғалиев пен Нұфтолла Түменов бастаған батысқазақстандық бір топ бапкер­дің көп жылғы еңбегі бары аян.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале