3.06.2022, 11:15
Оқылды: 140

«Pfizer вакцинасының сынағына қатысқан жүкті әйелдер түсік тастады» - фейк

Қазақстанның интернет кеңістігінде Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысқан 270 жүкті әйелдің біреуі ғана дені сау бала туғаны туралы ақпарат тарады. Қалғандары түсік тастаған. Stopfake.kz сайты ақпараттың рас-өтірігін анықтауға тырысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5

Мәлім етілгендей, бұл ақпарат осы жылдың 19 қаңтарында интернеттің ағылшынтілді сегментінде жарияланған мақалаға негізделген.

Онда 270 қатысушының 238-і белгісіз себептермен сынақтан шығып кеткені, ал қалған 32-нің біреуі ғана сау баланы дүниеге әкелгені айтылған. Бұл мәліметтерді автор Pfizer-BioNTech-тің «5.3.6 2021 жылғы 28 ақпанға дейін алынған PF-07302048 (bnt162b2) жағымсыз құбылыстар туралы тіркеуден кейінгі хабарламаларға жиынтық талдау» құжатынан алған.

Reuters порталының фактчекерлері Техас университетінің оңтүстік-батыс медициналық орталығындағы Ана мен бала медицинасы кафедрасының доценті Эмили Адхикаримен сұхбаттасқан. Ә.Адхикари Pfizer-BioNTech-тің түпнұсқа құжатымен танысып, 238 қатысушының сынақтан шығып қалмағанын, тек құрсақтағы балалары әлі де дүниеге келмегенін түсіндірді. Болашақ аналардың клиникалық сынақтар кезінде жүктіліктің нәтижесі туралы айта алмау себебі осы.

Сондай-ақ Лондон Императорлық колледжінің репродуктивті иммунология пәнінің оқытушысы Викки Мале Reuters агенттігіне айтуынша, мақалада айтылған жағымсыз әсерлер вакциналармен байланысты болмауы мүмкін. Оның сөзінше, мақалада сипатталған оқиғалар вакцинациядан кейін болған, бірақ оларды егудің салдары деп айтуға негіз жоқ. Сондай-ақ В.Мале мақалада вакциналанған әйелдер арасында 205 түсік тастау жағдайы туралы айтылғанын, алайда, бұл АҚШ-та вакциналанған жүкті және бала емізетін әйелдердің аз ғана бөлігін құрайтынын атап өтті.

«Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды COVID-19 қарсы вакцинациялауды бастамас бұрын препараттар толық клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті. Бүгінгі таңда бұл процедура қауіпсіз және мерзімінен бұрын босану немесе ұрықтың өлу қаупін арттырмайды деп айтуға ғылыми негіз жеткілікті.

Демек, Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің барлық қатысушылары түсік тастады деген ақпарат – фейк және манипуляция», - деп қорытындылайды Stopfake.kz сайты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале