5.12.2022, 14:45
Оқылды: 6611

Полиция: кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіргендер алдын ала сөз байласқан

Жазда кісі қолынан қаза тапқан белгілі кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің ісін тергеу жұмыстары аяқталған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

95B12895-752E-41B4-BB79-BF85B889C407

Кәсіпкер Мұханғалиевтің ісіне байланысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру) және осы баптың 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша тергеу жүргізілген.

Бұдан бөлек ҚР ҚК 99-бабының 7-тармағына сәйкес (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталды. Қазір тараптар іспен танысып жатыр, - деп мәлімдеді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз күні Орал қаласында бизнесмен Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кеткен болатын. Араға көп уақыт салмай күдікті екі жігіт ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған еді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале