БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

Мемлекет басшысына Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берілді, деп жазады akorda.kz. 

kz1-5311-2_mediumThumb

Биыл қаңтар айында қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы инвестициялық және іскерлік белсенділіктің өсуі  есебінен 136,7 пайызға дейін артты. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9 пайызға ұлғайды. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында  Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына қала ішінде «жасыл дәліздер» жасау үшін Дүниежүзілік банкпен бірлесе әзірленіп жатқан іс-әрекет жоспары бойынша аралық есеп берілді. Бұл бастама аясында жасыл желегі мол аумақтардың ауданын ұлғайту, соның ішінде  өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Президентке Алматының Индустриялық аймағында автомобиль кластерін құру барысы баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық  ахуалды жақсартуға  бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале