29.03.2023, 11:00
Оқылды: 44

Президент асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы көбейетінін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5 пайызға көбейетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл туралы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында айтты.

тенге

«Осы орайда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы тоқталғым келеді. Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан аса адам бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ. Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке бұл санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алуы қажет.
Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар. Жалпы, әлеуметтік қолдау алдын ала және шын мәнінде мұқтаж жандарға көрсетілуге тиіс», - деді Президент.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале