21.01.2022, 15:50
Оқылды: 104

Президент: Жекеменшік монополияға заңмен тыйым салу керек

Экономиканы деолиголизациялау бойынша қатаң саясат қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

«Жасанды құрылған жекеменшік монополияға сараптама жүргізу қажет. Операторлар, әсіресе жекеменшік операторлар өткенге кетуі тиіс. Егер естеріңізде болса, бұрынырақта «өтеп алушы» деген термин болған. Жеке компания тиісті төлемге мемлекеттің бірқатар экономикалық қызметін өзі орындау үшін сатып алды. Мұның ешқандай да жақсылығы болған жоқ», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

Осы ретте ҚР Президенті Үкіметке мұндай қызметтерге заңнамамен тыйым салуды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Барлық тауаша бәсекелестік үшін ашық болуы тиіс. Мұндай бейіндегі ертеректе қабылданған барлық шешімдерге сараптама жүргізу жәнен оларды өзгерту бойынша шара қабылдау қажет. Нарықта жасанды жолмен құрылған барлық көптеген делдалдық тізбекті жою қажет. Ешкім шешкісі келмейтін проблема. Экономиканы деолиголизациялау бойынша қатаң саясат қажет»», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале