ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

Президентке «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жайлы айтылды

 Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1e302b1942d7cae373b00efbe6dbca85

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қарулы Күштердің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, оның ішінде армияны техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысы туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қалыптастыруға бағытталған негізгі құжаттарға қатысты жұмыстардың аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының әзірленуі және бекітілуі жайында айтылды. Бұл құжат шетелден қару-жарақ пен техника сатып алуға ғана емес, сондай-ақ отандық қару-жарақ үлгілерін әзірлеуге, инфрақұрылымды жетілдіруге, әскерді цифрландыруға байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұрат Бектановтың айтуынша, ұлттық жобаның негізгі мақсаты – азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Қорғаныс министрі Президентке қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы және Қарулы Күштердің заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге төтеп беруге әзірлігі жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар Мұрат Бектанов Жоғарғы Бас қолбасшыға Қазақстан халқына арналған Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың орындалуы туралы баяндады. Сондай-ақ Әскери доктринаны қайта қарауға және экономиканың нақты секторындағы сұранысқа ие мамандықтарды мерзімді қызметтегі сарбаздардың меңгеруіне қатысты мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Кездесу соңында Президент еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале