19.12.2023, 17:15
Оқылды: 40

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңі өтіп жатыр

Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 2023 жылдың 19-23 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Кazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

a9562d99-eab6-4961-a7a2-f84be72dbe6c

Биылғы іріктеуге 6404 адам немесе резервтегі 1 орынға 128 үміткер қатысты. Көп кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесі бойынша Ұлттық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтетін 100 үздік кандидат анықталды.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50 адам іріктеліп алынады. Олар алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда түрлі жауапты лауазымдарға тағайындалады.

Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы. Резервке іріктеу тек жоғары кәсіби және моральдық қасиеттер негізінде олардың мансабын өсіруге мүмкіндік береді.

2019 жылдан бері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы түрлі лауазымдарға резервтегі 270 жас маман тағайындалды. Олардың 33-і саяси, бесеуі – «А» корпусындағы әкімшілік лауазымдарда қызмет атқарады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале