8.08.2022, 15:30
Оқылды: 1192

«Рахат Лукум» кафесінің қызметкері екі күдікті туралы өз ойын айтты

Кафе қызметкері өз аты – жөнін атамауды сұрады. Ол Еркін Мұханғалиевтің қол астында бірнеше жылдан бері жұмыс істейді екен.

- Біздің бастық дұрысына жүретін адам, оның ешкімге қарызы жоқ. Екі күдікті бізде жұмыс істемейді. Бес жыл бұрын жасап кеткен. Оларға ешқандай да қарыз жоқ. Ол екеуі бастықпен неге кездесті, не жөнінде сөйлесті, мен білмеймін. Білетінім екеуі де дін атын жамылып жүрген есуастар, - дейді кафе қызметкері.

30941

Сурет: realkz.com

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардағы және басқа да жазбаларға қатысты:
- Көпшілік осы екі жігіттің ақшасын бермепті, сол себептен де өлтірген деп жазып жатыр. Өте өкінішті. Біздің басшы ондай адам емес. Мына екеуі арнайы өлтіруге келгені көрініп тұр. Екі жақты айқай басталып кеткенде араласпақшы болдым. Мені итеріп жіберді. Мен қолыма еден жуғышты алып, кері жүрігіп келсем, олар көшеге шығып кетіпті. Бірнеше жерден пышақтап тастаған, - деп есіне алды кафе қызметкері сол күнді.

Бүгінде Орал қаласындағы Еркін Мұханғалиевке тиесілі «Гюльчетай» және «Рахат Лукум» кафелері жабық тұр. Кіріп – шығып жатқан ешкім көрінбейді. Тіпті оқиға орны да тазаланбаған. «Рахат лукум» кафесіндегі қан іздері әлі де сол күйінде жатыр.

Полиция күдіктілерді ұстады, тергеу жүгізіліп жатыр.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале