22.10.2021, 15:30
Оқылды: 245

Ресейде жарылғыш жасайтын цехтағы өрттен 15 адам қаза тапты

22 қазан таңертең Рязань облысында жарылғыш зат өндіретін «Разряд» компаниясының цехында өрт болды. Соңғы мәліметтер бойынша соның салдарынан 15 адам көз жұмды, деп ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

15

Шилов ауданы Лесное поселкісіндегі бұл оқиғаға қатысты ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне Мәскеу уақытымен сағат 08:22 кезінде хабарланды.

Өрт бір қабатты цехта болған және онда жарылғыш зат сақталған. Өрт 160 шаршы метр ауданда ауыздықталып, қазіргі кезде қызыл жалын сөндірілді.

Белгілі болғандай, цех ғимараты толықтай қирап, опырылып түскен. Тек жекелей құрылыстар ғана өрт салдарынан бұзылмаған.

Рязань облысының билігі 15 адамның қаза болғанын растады. Аталған оқиға бойынша РФ тергеу комитеті тексеруді бастап кетті.

Ғимаратында өрт болған «Разряд» ЖШҚ өнеркәсіптік жарылғыш зат шығаруға маманданған. Сонымен қатар, кәсіпорын оқ-дәріні утилизациялаумен айналысып келді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале