21.02.2023, 23:11
Оқылды: 15

«Сағаттың сағаты соғып тұр...»

Осындай атаумен бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Сағат Әбдуғалиевті еске алуға арналған «Сағаттың сағаты соғып тұр...» атты поэзия сағаты өтті.

332053875_494886319510696_678127599773870697_n

«Жарқ етіп сөнген бір жұлдыз» жобасы аясында ұйымдастырылған кеште ең әуелі экраннан ақынның шығармашылығына, өміріне қатысты бейнебаян көрсетілді.

Іс-шара барысында орталық қызметкерлері Талғат Мықи, Мейірбек Бисенғалиев, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Аида Қайыржанова, Серік Жолмаханов Тайпақта туған таланттың өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреты Расим Жұмағалиев және «Інжу» тобы «Ақ Жайық – елім», «Орал, әнім сенсің шалқыған» әндерін шырқады.

332062368_1243340076311594_5078517040975327840_n

332081620_891691905438096_1090066259194644605_n

332066954_742839107180673_1090844226957848899_n

332075630_3011519255823495_2798389449771475397_n

Сонымен қатар ақын-журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қазыбек Құттымұратұлы қаламгердің шығармашылығы жөнінде ой-пікірін ортаға салды. Әділет Орынбасаров, Марлен Ғилымхан секілді жас ақындар Сағат ақынға арналған өлеңдерін оқыды.

332090843_2161715177552316_4579588829476910541_n

332141712_502073512072531_2007789652963791483_n

Шындықты толғана жазған шайыр жырларын насихаттауда қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың еңбегі зор екені белгілі. Ол Сағат Әбдуғалиевтің өлеңдеріне ән жазды. «Тәтті мұң», «Ақын дауысы» – сондай әндер. Поэзия сағатында осы екі әнді жас өнерпаз Әділ Ахметов және республикалық конкурстардың лауреаты Асылан Бақтығалиев шырқады. Орталық қызметкері Айнабек Бисенғалиев Табылды Досымовтың «Қыршын ақынға» атты өлеңін оқып берді. Бұл өлең Сағат Әбдуғалиевке арналған.

332052053_1368624107319465_7020814695089044370_n

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары Талғат Жұмабекұлы ақын мұрасын ұлықтау бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын тілге тиек етті. Кеш соңында қаламгердің нағашысы Мадина Кулова ақын өмірінен сыр шертті.

Айта кетейік, 22 ақпан – Сағат Әбдуғалиевтің туған күні. Биыл ақынның туғанына 75 жыл толып отыр.

 

Марлен Мәлікұлы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале