«Жайық медиа» порталының хабарлауынша, Астана әкімдігі 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы күні тұрақты тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтар есептен шығару куәлігі арқылы Қазақстанның кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алатынын мәлімдеді.

Бұл куәлікті алу үшін азамат өзі тіркелген учаскелік сайлау комиссиясына барып, жеке басын куәландыратын құжатымен жазбаша өтініш беруі тиіс. Сонымен қатар құжатты сенім білдірілген өкіл арқылы да алуға болады, бұл ретте нотариалды куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру сайлауға 15 күн қалғанда басталып, дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 18:00-де тоқтатылады.
Сайлау күні азамат өзі таңдаған сайлау учаскесіне барып, есептен шығару куәлігі мен жеке куәлігін көрсеткеннен кейін сайлаушылар тізіміне енгізіліп, дауыс беру бюллетенін ала алады.