30.05.2023, 17:38
Оқылды: 87

Сайлауды ақпараттық қолдау туралы семинар өтті

Бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясы «ҚР-дағы сайлауды ақпараттық сүйемелдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында аумақтық және облыстық округтік комиссия мүшелеріне оқыту семинарын ұйымдастырды. Шара ҚазИИТУ ҒБҚ-ның студенттер сарайында өтті.

32D31482-020B-4BA5-AFCD-2664B5981BDE

Семинардың басты мақсаты – жауапты мамандардың кәсіби құзіреттерін дамыту, медиа стратегияларды зерделеу, баспасөз іс-шараларын дайындау мен өткізу бойынша дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Семинарды ашқан БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов «қазіргі таңда сайлау комиссияларының бұқарамен, БАҚ-пен қарым-қатынасы, өзара іс-қимылы алдыңғы қатарға шығып отыр. Сондықтан сайлау үрдісіне қатысты жаңа коммуникациялық әдістер мен дағдыларды дамыту аса маңызды», - деді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері Асыланбек Ғұбашев пен Күнсәуле Аралбековалар сайлауды ұйымдастырудағы қағидаттар мен нормаларды қолдану тәртібін әңгімелеп берді.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Дархан Уразов пен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы БҚОФ директоры Клара Қамбетовалар басылым мен телеарнада сайлауалды үгіт жұмыстарының жүргізу ерекшеліктеріне байланысты өз ойларымен бөлісті.

253E05D6-8537-485B-9AA9-CE223C36028E

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы биыл тұңғыш рет ауыл әкімі лауазымына кандидаттар арасында дебаттар өткізе бастағаны мәлім. Алғашқы пікірталас Тасқала ауданы, Ақтау ауылында өтсе, кейін Теректі ауданы Шалқар ауылдық округі әкімін сайлау қарсаңында жалғасын тапты. Сайлауалды үгіт жұмысының бұл бағыты семинар тақырыбына еніп, кеңінен талданды. Бұл туралы Тасқала аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлжан Мұқамбеткалиева айтып берді.

03724588-6022-41A6-96C4-A2C3C45AFC12

Семинарда Сырым аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мейірбек Хасановтың жетекшілігімен түрлі практикалық кейстер өтіп, кәсіби дағдылар жетілдірілді. Комиссия мүшелері сайлау комиссияларының әлеуметтік желілердегі жұмысын ұйымдастыру, баспасөз парақшаларын дайындау, бейнекоментарийлер әзірлеу, жарияланымдарға жауаптар беру туралы тәжірибелерімен бөлісті. Оқыту курсының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Асланбек Ғұбашев,
БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале