1.08.2023, 17:11
Оқылды: 116

Сегіз қырлы, бір сырлы Сапаров

Таныс-біліс болып отырыңыз, құрметті оқырман! Табылғали Сатқалиұлы Сапаров 1954 жылы 7 тамызда Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Батыс Қазақстан инженерліктехнологиялық университетін бітірген. Зоотехник, саясаттану, қоғамдық-саяси пәндердің оқытушысы, юриспруденция мамандықтарының иесі.

сапаров1

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Әр жылдарда Орал облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, Чапаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Тасқала, Зеленов, Приурал, Казталов аудандарының бірінші, екінші хатшысы, әкімі, ҚР Жоғарғы кеңесінің депутаты, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, БҚО әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы, БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Жаңақала, Тасқала аудандарының құрметті азаматы. Бүгінде Ақ Жайық өңірінің қос басылымы – «Орал өңірі», «Приуралье» және он екі аудандық газеттерді қанатының астына алған «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры. Төмендегі сұхбатқа азаматтың өмір жолы, қызмет жылдары, көрген-білгені арқау болды.
(Өңірге танымал журналист Есенжол Қыстаубаев жүргізген сұқхбаттың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің 1 тамыз күнгі №61 санынан немесе төмендегі сілтемеден оқи аласыздар)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале