27.10.2022, 17:46
Оқылды: 39

Шығармашылық фестиваль қорытындыланды

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған облыстық мүгедектігі бар балалар арасындағы шығармашылық фестиваль өз мәресіне жетті. Фестивальге біздің өңірден 65 бала қатысқан. Атамекен өнер ордасының фойесінде сол балалардың өз қолдарымен жасаған өнер туындылары қойылған көрме өтті.

өнер

сурет

«Балалар жылы» аясында барлық балаға тең дәрежеде көңіл бөлу мәселесі маңызды. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалдырылмай отыр. Ол туралы БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Ысқақова былай деді:

дәлдаш

«Биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын бәріңіз де білесіздер. Соның құрметіне біздің өңірімізде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Сондай керемет шараның бірі- осы балалардың шығармашылық фестивалі. Балалар әр ауданнан келіп қатысып отыр. Біздің облыста мүмкіндігі шектеулі балаларды санаторийге жіберу, курорттық ем тағайындау мәселесі тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Енді алдағы жылдан бастап курорттық емделуге баратын балаға еретін ата-анасына немесе қамқоршысының шығынының 70 пайызын бюджет төлейтіндей өзгерістер енгізіп жатыр. Бұдан бөлек 14 жасқа дейінгі балаларды 1-2-3 топ мүгедегі деп бөліп қарау мәселесі енгізілді. Мұның өзі бала мен отбасына үлкен көмек. Бүгінгі шығармашылық фестивальге келген балаларды құттықтаймын. Әр бала қуаныш пен мерекеге лайық!

Фестивальге келгендердің ішінде Оралбек Әлібек деген суретші жігіт те бар. Ол бала күнінен суретке құмар болған.

бала

-Мен сурет салғанды, өлең жазғанды ұнатамын. Қолымдағы суретті  2019 жылы салдым. Бұл - көктемнің бейнесі. Мен суретті өзім ойдан құрастырып саламын. Үйде қалдық заттардан көптеген дүниелер құрастырамын, - дейді Оралбек Әлібек.

қож

-Бұл фестивальге 6-18 жас аралығындағы балалар қатысып отыр. Біз барлық ауданды қамтуға тырыстық. Бірақ түрлі себептермен аудандардан келе алмай қалғандар бар. Алдағы уақытта алыс ауылдар мен аудандарда да өткізу жоспары бар. Бұл балалардың өз қолдарымен дайындаған өнер туындылары. Біз бес номинация бойынша балаларды марапаттаймыз. Оларға әдемі сыйлықтар мен дипломдар табыс етеміз, - деп атап өтті БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов.

қыз

көрермен

Фестиваль соңы Гала концертке ұласты

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы: Эльвира Меңдіғали

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале