28.06.2019, 11:50
Оқылды: 212

Сириядан «Жусан-3» операциясымен оралған батысқазақстандықтар өз отбасыларымен қауышты

Кеше «Жусан-3» операциясымен Сириядан елге жеткізілген батысқазақстандықтар Ақтау қаласындағы оңалту орталығынан Оралға жеткізілді.

Сирияға кеткендердің елдегі тағатсыздана тосқан ата-аналары ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті ғимаратының алдына жиналды.

-«Жусан-3» операциясымен Сириядан батысқазақстандық 14 әйел мен 20-дан астам бала жеткізілді. Олармен қазір дін істері, денсаулық, білім басқармалары мен қалалық әкімдік бірігіп психологиялық, құқықтық, теологиялық жұмыстар жасалуда. Аталған Қазақстан азаматтарын жат ағымдардың идеяларынан арылтып, дәстүрлі ислам құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, көзқарасын қоғамға бейімдеу керек. Жоғалған құжаттарын қалпына келтіріліп, балаларының оқымаған сыныптары қайта оқытылады. Әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешу жұмыстары жүргізілуде,-дейді БҚО Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Төлепов.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

Видео durbi.kz сайтынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале