6.06.2019, 20:22
Оқылды: 34

Орал қаласында соңғы 6 жылда 176 көше жөнделді

Бұл туралы облыс әкімі дәл қазір «AQJAIYQ» арнасында тікелей эфирде өтіп жатқан «Әкім сағаты» жобасында айтты. Қала тұрғындары облыс орталығындағы кейбір шағынаудандардың жол мәселесіне қатысты бірнеше сұрақ қойды.

altai (2)

-Оралда жол  жөндеу ең өзекті мәселелердің бірі. Өзім 2013 жылдан бері Орал қаласындағы жол мәселесімен тікелей айналысып келе жатқасын, сол кезеңнен бері деректерді айта аламын. Осы жылдар  ішінде облыс орталығындағы 176 көше жөнделді. Бұл – 205 шақырым. Жұмыс әлі де жалғасуда. Достық, Еуразия даңғылдарынан бастап өте нашар жағдайда болған Алматы, Қазталов көшесінің мәселесі толықтай шешілді. Оралдың басты көшелеріне жөндеу жұмыстары жасалды. Құрманғазы, Чагано-Набережная көшелері, Зачаганск кенті бағытындағы Жәңгір хан көшесі, Желаев бағытындағы жолдың қандай жағдайда болғанын білесіздер. Барлық Оралға кіреберіс жолдар жаңартылды. Деркөл, Жұлдыз шағынауданында жол өзекті болды, басты көшелеріне жол салынды. Жұмысшы-2 шағынауданы, Круглоозерный, Серебряков ауылдарына жол салынды. «ПДП-1» ауданының 26 көшесіне асфальт жаңадан салынып, жаяулар жолы төселді. Енді бұл жолдарды күтіп ұстау ғана маңызды. Сарытау шағынауданында мектеп салынып, пайдалануға берілді. Енді жол мәселесі де шешіледі. Бүгінде байқау аяқталып, мердігер анықталды. Алдағы аптадан жол салу жұмыстары басталады, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале