17.09.2021, 23:30
Оқылды: 206

Спорт алаңы пайдалануға берілді

Бүгін Орал қаласындағы Зашаған кенттік округіндегі Бірлік көшесінде  жастар мен жасөспірімдерге арналған футбол алаңы ашылды. Қала күні мерекесінде ел игілігіне берілген нысанның ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков арнайы қатысты.

E082A7C6-29A1-43E6-B398-8FC97155C5BA

- Құрметті жерлестер, сіздерді сүйікті қаламыздың туған күнімен құттықтаймын. Жыл сайын алтын күздің алғашқы қыркүйек айында қала күні бір апта тойланады. Дәстүрге сәйкес, шаһардың әр бөлігінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Зашаған кенттік округі бойындағы осы Бірлік көшесінде де көпқабатты үйлер салынып  жатыр. Жалпы биыл Орал қаласында  көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілетін болса, оның төртеуі осы Зашаған кентінде орналасқан. Қала күнінде, яғни ертең  осы көшеде тағы бір үй тұрғындардың игілігіне берілмек. Сәйкесінше  тұрғындардың аулаларында балалар алаңдарын салу, абаттандыру, қадамдық қашықтықта спорттық алаңдармен қамтамасыз ету - біздің басты мақсатымыз. Биыл Орал шаһарында 23 спорттық алаңын салу жоспарда бар. Бүгін осы Бірлік көшесінде спорттық үш алаңды, яғни футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын іске қосамыз. Бұл осы аудан тұрғындарының спортпен айналысуына, салауатты өмір салтын сақтауына мол мүмкіндік деп білемін. Осы спорт алаңында болашақ Олимпиада чемпиондары тәрбиеленіп шығуына тілек білдіремін.  Қала күні құтты болсын,- деді шаһар басшысы.

Салтанатты іс-шарадан соң жасөспірімдер футбол ойнап жарысты.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале