5.04.2024, 16:37
Оқылды: 5

Су тасқынынан зардап шеккендерден өтініш қабылдауды бастады

Оралда су тасқынының алдын алу жұмысына жеке құрамның 300 адамы, әскери бөлімнің 60 сарбазы, басқа өңірлерден 96 төтенше жағдай қызметкерлері - барлығы 456 адам және 290 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

ЖП ОРАЛ

Өзен жағалауларын нығайту үшін 150 мың құм толтырылған қапшық дайындалған.

Бұл туралы БҚО ТЖД да өткен баспасөз мәслихатында шаһар басшысы Миржан Сатқанов баяндады.
Орал қаласы әкімінің айтуынша, су басу қаупі бар саяжай тұрғындары алдын ала эвакуациялық пункттерге көшірілген. Қала аумағында 1 056 орынға арналған 7 эвакуациялық пункт ұйымдастырылып, онда қазір 440 адам орналастырылған. Сондай-ақ, қосымша 400 орынға арналған қосымша эвакопункттер дайын тұр. Қазір Деркөл кентіндегі қауіп болған, алайда тұрғынжайды су баспаған адамдарға үйлеріне оралуына рұқсат берілген.
- Су тасқынына қарсы жұмыстарға 471 ерікті тартылып, 305 тұрғынға гуманитарлық көмек көрсетілді. Сонымен қатар демеушілер есебінен 1 миллион теңгеге көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда су тасқыны салдарынан саяжайларда орналасқан 427 тұрғынжай зардап шекті Бұл тұрғынжайларда 1 850 адам, оның ішінде 1 434 ересектер, 416 бала тұрады. Қазір су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зияында есептеу және өтеу жөніндегі комиссия қала тұрғындарынан өтініш қабылдауды бастады. Құжаттар «Тең қоғам» әлеуметтік орталығында Ықсанов көшесі, 46/1 мекенжайы бойынша қабылдануда, - деді М.Сатқанов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале