21.12.2023, 14:30
Оқылды: 68

Суретшілер симпозиумы өтіп жатыр

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында «Еділ – Жайық» атты республикалық суретшілер симпозиумының ашылу салтанаты өтті. Симпозиум Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан», «Парасат» ордендерінің кавалері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақановтың шығармашылығына арналған.

IMG-20231221-WA0115

Іс-шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз алып, әйгілі композиторға амандық-саулық тіледі. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов байқау шарттарына тоқталып, осындай шаралардың жиі өткізілуі керек екенін тілге тиек етті. Өз кезегінде Ілия Жақанов ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, ақжарма тілегін ақтарды. Оған қоса сурет өнері жөніндегі ойларын ортаға салды.

IMG-20231221-WA0119

Іс-шара барысында ҚР Күйшілер одағы Атырау облыстық филиалының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақнар Тәттібайқызы Ықыластың күйі «Аққуды» орындады.

IMG-20231221-WA0135

Сонымен қатар «Атамекен» өнер ордасындағы музыкалық-шығармашылық бөлімнің жетекшісі Мұратжан Жолбаев «Еділ мен Жайық» әнін шырқады.

IMG-20231221-WA0117

Қатысушылар үздік картиналарды және Ілия Жақановтың өміріне, шығармашылығына қатысты мағлұмат жинақталған көрмені тамашалады.

Үздіктер қатарында Оралбек Қабоке, Аят Өркен, Бауырхан Жалын, Ирина Құрманалина, Қамбарбек Аманов, Ерназар Абуталап, Дәурен Бекназаров, Бақтыгерей Телеубай және Мэлс Отаров сынды суретшілер бар.

Жалпы бұл симпозиумның мақсаты – Ілия Жақановтың тұлғалық болмысын суреттеу және шығармашылығын насихаттау.

Марлен Ғилымхан,

Фотоға түсірген Мақсат Тұяқ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале