6.10.2023, 10:45
Оқылды: 16

Талғат Мықи халықаралық айтыста жүлдеге ие болды

Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Ерлігі ерен ер бабам!» атты халықаралық айтыс өтті. Екі күнге созылған айтыстың бас жүлдесін Дидар Қами иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

aedcc4f0-4f47-4f9d-a70b-baba8f6d4a3d

Фото: Ақжайық айтыс парақшасынан

Халықаралық айтысқа Қазақстаннан 11, Қырғызстаннан 2, Моңғолиядан 1 ақын қатысты.

Айтыскерлердің Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрындағы жыр бәйгесін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық еткен қазылар алқасы саралады.

Айтыс екі күнге созылды. Екінші кезеңге 8 айтыскер шықты.

Қазылар алқасының шешімімен айтыстың бас жүлдесі – 1 млн теңге Қарағады облысынан қатысқан тәжірибелі ақын Дидар Қамиға берілді. Ал бірінші жүлдеге – 750 мың теңгеге Еркебұлан Қайназар (Астана) ие болды.

Өзіндік сөз саптауы, мәнері бар Өнербек Дәулекенов (Атырау облысы) екінші жүлденің 600 мың теңгесін иеленді. Ал, үшінші жүлде – 500 мың теңге екі айтыскерге берілді. Оның бірі – Батыс Қазақстан облысының тумасы Талғат Мықи, ал екіншісі – Қырғызыстаннан келген Эсенбек Кийизбаев.

Сондай-ақ, Батыржан Кәдірбай (Атырау облысы), Рауан Қайдаров (Павлодар облысы), Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы) арнайы жүлдені иемденді.

"Көрермен айтыстың қызықты өткенін қалайды. Қарсыласы мықты болса, айтыскерлер де ашыла түседі. Шабыты оянады. Мемлекет басқарған тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыс бабамызға арналған халықаралық айтыс жоғары деңгейде, әрі әділ өтті. Атырауда өткен айтыстан екінші рет бас бәйге алып тұрмын", - деді Дидар Қами.

Ал Қырғызстаннан келген Эсенбек Кийизбаевтың айтуынша, мұндай халықаралық айтыс көбірек өткені жөн.

"Қазақ пен қырғыздың достығын жырға қостым. Өйткені екі елдің ақын-жазушылары бір-бірінің шығармашылығын қолдағанын білеміз. Біз де сол жолды жалғағымыз келеді", - деді Эсенбек Кийизбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале