7.12.2022, 12:30
Оқылды: 11

Тартысты өткен турнир

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы мәдениет пен өнер жұлдыздарының басын қосып, шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырды. Микрофонын допқа, костюмін спорттық киімге, сахнаны шағын футбол алаңына алмастырған әнші мен әртіс, айтыскер мен ақындардың аяқдоп жарысына аудандар мен Орал қаласынан келген 12 команда қатысты.

18

Спорттан да құралақан емес екенін көрсеткен мәдениет қызметкерлері арасындағы доп додасының ашылу салтанатында қалалық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Абдул Рахметов құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Тартысқа толы болған турнир қорытындысында Шыңғырлау ауданы өнерлі футболшылары үшінші, Жаңақала ауданы мәдениет қызметкерлерінің командасы екінші орынды  иеленсе, қаратөбелік өнерлі футболшылар жарыс жеңімпазы атанды.

IMG-20221207-WA0003

Қызықты жарыс барысында үздік ойын көрсетіп, командасын алға жетелеген  жаңақалалық Нұрлан Хамзин «Үздік ойыншы», Қаратөбе командасының ойыншысы Әділғазы Меңдіғалиев «Үздік шабуылшы», Шыңғырлау ауданының жезтаңдай әншісі Әмірхан Жұбаниязов «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болды.

19

Өнер өкілдері турнирге  қолдау білдірген Орал қаласының спорт бөліміне, облыстық  жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығына, «Avto Dos» компаниясына, «Дом Права»  адвокаттар қоғамдастығына,  «БҚО футзал» ассоциациясына және Қарлығаш Қадырбекқызының би студиясына ерекше алғыс білдіреді.

20

Түгелбай  Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале