4.02.2020, 17:35
Оқылды: 127

Тасқала ауданы әкімі есеп беруде

Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов есеп беріп, кездесуге облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысуда.

taskala (15)

- 2019 жылы Жайықбай каналына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 756,3 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжат дайындалып, сараптамадан өткізілді. Ақтау ауылы маңындағы дамбаны жөндеуге қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Әрбір елді мекен маңында орналасқан бөгеттерге тазалау, тереңдету жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі. Ауылдық округ әкімдері жедел түрде бөгеттердің құжаттарын рәсімдеуі қажет.

taskala (1)

Екі шаруашылық 218 га. суармалы жерде жүгері егуді жоспарлауда. Осы мақсатта былтыр «Жұмала» шаруа қожалығы 1 мал азығын орғыш комбайн сатып алса, биыл «Taskala BKO ET» ЖШС су шашыратқыш фрегат құрылғысы мен мал азығын орғыш комбайн сатып алмақ. Мұнымен қоса, Кирово – Шежін каналынан Қосшы ауылдық округ аймағындағы 812 га. көлтабандық суармалы жерге су жіберу үшін жөндеу жұмысын жүргізу қажет, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале