4.02.2020, 17:51
Оқылды: 94

Тасқала ауылының 13 көшесіне жарықтандыру қажет

Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов тұрғындар алдындағы есебінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру мәселесі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісіне кеңінен тоқталды.

taskala (21)

Осы бағытта өткен  жылы үш қабатты 2 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 72 пәтер кезек бойынша пайдалануға берілген. Биылғы міндет те ауқымды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» тармағы бойынша Тасқала ауылының  Қ.Аманжолов көшесіндегі №3 және №4, Сабиров көшесіндегі №6 көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу белгіленіп отырса, Мерей ауылының кіреберіс автомобиль жолына да орташа жөндеу қажет. Сонымен бірге Тасқала ауылының 13 көшесі (Абай, Жаксығұлов, Мәметова, Шамова, Сапарова, Скоробогатова, Маметова көшесінің бір бөлігі, Чурилин, Жеңіс, Саябақ, Шевченко, Кенжин, Панфилов) мен Шежін ауылындағы Карменов көшесінің жарықтандыруы да күн тәртібінде  тұр.

taskala (5)

Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамту да бүгінгі таңдағы өзекті мәселе екені баршаға аян.

taskala (11)

Тасқала ауылының су құбыры жөнделмеген кейбір көшелеріне құбырлар тартуды «Мөлдір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Мереке және Қалмақ ауылдарындағы су құбырын қайта жөндеу жұмыстарын «Лайгэ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аяқтайтын болады. Ал Бірлік ауылындағы су құбырының құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзір тұр.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале