19.06.2026, 21:00
Оқылды: 68

Теміржолшыларға қолдау: енді шипажай жолдамалары жыл сайын беріледі

«Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында санаторлық-курорттық сауықтыру ережелеріне бірқатар маңызды өзгеріс енгізді.

AoxcEHCFZrdnbFJpF66KTsIWBSw0inpsZjAuDunc

Фото: rail-news.kz

Басты жаңалық — енді теміржолшыларға шипажай жолдамалары мен сауықтыруға арналған материалдық көмек жыл сайын беріледі. Бұрын бұл мүмкіндікті қызметкерлер екі жылда (24 айда) бір рет қана пайдалана алатын. Сондай-ақ биылдан бастап шипажайлық жолдамалар үшін қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын пайыз толығымен жойылды. Бұрын бөлме класына байланысты жолдама құнының 5 пайызынан 30 пайызына дейін ұсталып келген еді. Енді бұл шығынды компания өз мойнына алады. Жаңа ережеге сәйкес санаторлық-курорттық емделу жолдамалары жалақысы 180 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын қызметкерлерге беріледі.

Бұған қоса Сәкен Сейфуллин атындағы ведомстволық санаторий-профилакторийге жолдама бағасы төмендетілді. Бұл қызметкерлерге бос орындар болған жағдайда өз жолдамасын жыл бойы отбасы мүшелеріне беруге немесе олармен бірге пайдалануға мүмкіндік береді. Бұрын мұндай рұқсат тек бірінші және төртінші тоқсандарда ғана берілетін. Сонымен қатар теміржолшылар белгіленген лимит шеңберінде компания мақұлдаған кез келген басқа сауықтыру орнын өз бетінше таңдай алады. Мұндай жағдайда қызметкерге 60 АЕК-ке дейінгі мөлшерде материалдық көмек төленеді. Биыл компания қызметкерлерді сауықтыру үшін Бурабай, Қостанай, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Қызылорда және Жетісу өңірлеріндегі жетекші шипажайлармен арнайы келісімшарттар жасасты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале