7.02.2020, 15:18
Оқылды: 88

Терроризм туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз

2019 жылы БҚО-да терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген 4 факті тіркеліп, оның бәрі ізі суымай анықталды.

Атап айтқанда, жалған хабарлама берген Орал қаласының тұрғынына  ҚР қылмыстық кодексінің «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» заңына сәйкес 273-бабы бойынша 2,6 жылға бас бостандығы шектелді.

Аталмыш бап бойынша балалар қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылады.

Жергілікті халықтың назарына, терроризм актісі туралы жалған хабар берген тұлға құқық қорғау органдарында бар заманауи техникалық мүмкіндіктері арқылы тез арада анықталып құрықталады.

БҚО терроризмге қарсы комиссия аппараты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале