21.06.2021, 10:50
Оқылды: 216

Тіл жанашырлары көп болса...

Мемлекеттік тілді дамыту жолында ешкімнің пікірі қараусыз қалмауы керек. Тіл үшін шырылдап жүргендер аз емес, ал олардың еңбегі тиісті дәрежеде бағалана ма, айтылған асыл сөздеріне көңіл аударыла ма, бұл сұраққа жауап беру оңайға түспейді.

Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Ей, пендем, мен сенің әрқайсыңа өзіңе лайық түр бердім, тіл бердім, діл бердім, дін бердім», - дейді.

Мен өзім кеңес заманында білім ошағын, ЖОО-нын орыс тілінде оқығаныма қарамастан, екі қазақ бірі-бірімен өзге тілде сөйлесетін болса, ішім удай ашитын.

Тіл мәселесіне байланысты бір оқиға есімде ұмытылмастай із қалдырды. Алматы қаласына он бес жыл бұрын жұмыс бабымен барғанда, троллейбуста екі қазақ қызының ағылшын тілінде әнгімелескеніне таңғалғаным бар. Құлағым шыңғырлап түскендей болып: "Ай, қыздарым-ау, соншама не болды, ала таңмен шет тілінде сөйлесіп?.. Таң атпай дауыстарыңыз жер жарып, айналаны гүрілдеттіңдер ғой", - деп айта салдым. "Апай, кешіріңіз, университетке емтиханға бара жатырып, амалсыздан жаттығу жасаған едік", - дегенде аң-таң болып қалдым. Ішкі дүниемде бұрын-соңды болмаған қазақтың жастарына деген бір аяныш сезімі пайда болды. Ой, дүние-ай, қашанғы заманға дейін өзімізді-өзіміз қорлап, өзгеге еліктеп, бір шет тілінен соң екіншісін бұрмалап оқығанымызға мәз-мейрам болып жүре береміз?..

Өзімнің пікірім бойынша, қоғамда осы күнге дейін ана тілін құрметтеген жанашырлардың ізгі ниетін «ұлтшылдыққа» теңестіретіндер аз емес. Бұл саясат кеңес дәуірінде қалыптасып, әлі күнге дейін өзінің ойран салатын күшін жоймаған. Сол зұлым заманның саясаты балабақшадан, мектептен бастап жүзеге асырылды, себебі әке-шешеміз «Орыс тілін білмесең, нан тауып жей алмайсың, адам болмайсың, өспейсің» деген үрей пайда болатын. Алаш зиялылары сол саясатқа қарсы шығып, «Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда болайық» деді және өмірлерінің соңдарына дейін осы сөздерінен таймады. Ұлттың бойында сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған алаштың арда азаматтарына қазақ халқының тілін, мәдениетін, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы ізгі ниеті үшін «ұлтшылдық» деген жаза тағылады. Аштық жайлаған жылдары Ахмет Байтұрсынов «Ақ болсын, қызыл болсын бәрбір, мен тек қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын мемлекетті жақтаймын», - деп атқа қонғанның өзі зиялы қауымның ұлтшылдыққа ешқандай қатысы жоғын анықтайды. Алаш арыстарының арасында  Ресейде білім алғандардың өзі олардың қарапайымды орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетіне ешқандай қарсылығы болмағанын білдіреді, керісінше, Пушкиннің ұлылығын бағалай отырып, ана сүтімен дарыған тілін де құрметтейді. Ал қазіргі заманның бұқаралық ақпараты шетелдегі қандастарымыздың ана тілін онлайн курстар арқылы үйреніп жатқаны туралы жазғанда, мақтан тұтамыз. Себебі, олардың алдында әлеуметтік желілерде сөзді бұрмалап, мағынасын бұзып, «күл болмаса, бүл болсын» не болса соны жазып жүрген отандастарымыз үшін жерге кіріп кеткендей боламыз. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сөз текке айтылмаған. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі сөздің осы құдіретін  жете түсінбей, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізіп жатады. Сондықтан, қазіргі таңда тілімізден де, мәдениетімізден де айырылып қалатын қауіп төніп тұр. Себебі,  әлеуметтік желі оқырмандарының көпшілігі жастар. Дейтұрғанымен, керісінше, тілі үшін, діні үшін ішкен асын жерге қояр зиялы адамдардың пікіріне құлақ салу біздің міндетіміз.

Бұл орайда, батысқазақстандық жерлесіміз, педагогикалық ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаев туралы өз пікірін журналист Александр Суетин «Жайық Пресс» сайтында былай деп жазған:

«При первой встрече с нашим героем невольно напрашивалось сравнение с горой, глыбой: высокого роста, статный, крепкого сложения, со стремительной, уверенной походкой и голосом степного трибуна... Начнет читать лекции или просто о чем-то беседовать – заслушаешься! Ученый, педагог-мыслитель, доктор педагогических наук, профессор, академик Академии педагогических наук  Казахстана Абат Сатыбаевич Кыдыршаев известен в научных и педагогических кругах Приуралья и Казахстана как крупный исследователь, занимающийся изучением вопросов языкознания, риторики, лингводидактики».

Ал өзге ұлттың өкілінің осындай ұғымына сай адам қандай болуы керек? Оның қасиетінің өзі ерекше бір феномен емес пе? Мен өзім аудармашы ретінде мемлекеттік тілге байланысты қаншама шараларға қатыстым, Абат Сатыбайұлы өзге тілде сайрай жөнелетін шығар, бірақ, бір сөйлем ішінде бір түйір өзге сөз қосып сөйлегенін естіген емеспін. Бұл таңғалатын бір жайт.

Абат Қыдыршаев риториканы жеткілікті меңгерген тұлға болып тұр, себебі аудиторияны өзіне келеңсіз тез бағындырады. Шешендік салты, ғылыми тілде айтқанда «риторика» ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі. Мысалы, Қазыбек би, Бұқар жырау ел арасындағы даулы мәселелерді шешендік сөз арқылы шешкен. Шет тілін білмей тұрып, өз пікірлерін жеткізген ата-бабаларымызға мың да бір алғыс. Осындай ұрпақтан-ұрпаққа берілген қасиеттің қыр-сырын зерттеп, түбегейлі қолданса, талай белестерге жетуге болатын еді. Ғасырлар бойы қалыптасқан риторика пәнін ЖОО-ның жалпы білім бағдарламасына енгізуге қажеттілік туындады. Ал мемлекеттік тілді оқыту курстарында риторика әдістемесін қолдануды да өзекті мәселенің қатарына жатқызуға болады. Сөйлеу мәдениетіне көңіл аударылмаған курстан не күтуге болады? Егерде тілді оқытуда жоғары дәрежеге жетсек, өзге ұлттың өкіліне мемлекеттік тілді меңгеруге тиістісін деп талап қойғанымыз орынды болар еді.

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде мейрамхана, кафе, дүкен, дәріханаларда "ҚР тілдер туралы" Заңының орындалмауына байланысты даулы мәселелер айтылып келеді.

Егерде кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаға заңды түрде мемлекеттік тілді меңгеру керек деген шарт бірден қойылса, осындай жағдай болмас еді деген пікір білдіргім келеді.

Кәсіпкерлік кызмет туралы заңнамага оң өзгерістер енгізілмесе, осындай даулы мәселеден құтылуға амал болмайды. Себебі, олар мемлекеттік тілді білмегеннің кесірінен тұтынушылардың құқығын бұзуда.

Бүгінде мемлекеттік қызметтегі тұлғалармен қатар, кәсіпкерлерден де мемлекеттік тілді білуді талап ететін заманға жеттік.

Себебі, кіріс жасауды білетін адам тілді білмейді дегенге сенгіміз келмейді.

Олар кәсібін ашып, жағдай туғызған, дамуына ықпал тигізген мемлекетті құрметтеуге міндетті. Өз ісін ашуға жағдай туғызып, қолдау жасаған мемлекеттің тілін сыйламаған кәсіпкерлерден не күтуге болады?

1

Бұрынғы ТМД елдерін салыстырмалы түрде алсақ, Латвияда жарнамада латыш тілі ғана колданылады. Литвада өзге ұлт өкілдерінің өзі іскерлік қызметте, жоғары білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тілді ғана қолдайды екен.

Осыған байланысты заман талаптарына сай, кәсіпкерлік заннаманы қайта қарастыру бір Алланың қолында деген ойдамын.

2

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.

3

Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деп халықтың көптен күткен тілегін айтты.

Светлана Аманова,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале