20.02.2021, 19:50
Оқылды: 341

"Той тойлайтын нысандардың ішінара спорт алаңдарына айналып жатқаны көңіл қуантады"

-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Жаңақала және Бөкей ордасы ауданында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 ауданда 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

4B20856C-794B-4870-B338-8FDDC9A4B89F

Ал осы жылы облысымыздың Дариян, Тайпақ және Бұлдырты сияқты ірі ауылдарында спорт нысандарының құрылысын бастаймыз.

Тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттыру және жастарды спортқа тарту мақсатында өткен жылы бюджет және демеушілер есебінен 46 спорт алаңы салынды. Ал 2021 жылы облыс орталығында 20 көпбейінді спорт алаңдарын салу көзделіп отыр.

3B611AC9-6081-4554-BF17-5B760A28E939

Облыста спорттық нысандарды ашуда жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар белсенділігі қуантып отыр.

Орал қаласында жеке кәсіпкерлердің қаражатына 7  нысан ашылды.

Аудандарды айтар болсақ, Бәйтерек ауданының Погодаев ауылында мәдени-спорттық кешен ашылса, Казталов ауданының Бостандық ауылында бокс залы және Жәнібек ауданында ат спорт мектебі ашылды.

39A695E9-0D83-4194-AF84-3648C0F3A5DB

Өткен жылы өңір спортшылары бокстан, үстел теннисінен, әйелдер күресінен және тағы да басқа спорт түрлерінен жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Осындай спортшыларымыз көп болу үшін облысқа медициналық-дене шынықтыру диспансері қажет.

Арнайы спортдиспансердің жоқтығы балаларды жастайынан қабілетіне қарай спорт түрлеріне бағыттауға, олардың денсаулығын бақылауға және жасөспірімдердің даярлығына кері әсер етіп отыр.

998EF87C-948E-4F0B-A25D-35AF2BE2A6EC

Осы ретте, облыстық спорт басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын.

Пандемия кезінде облыс жұртшылығы спорт денсаулық кепілі екенін түсініп, спортпен айналысуға ынталары артты.

Себебі адам ғұмырының өлшемі де, тіршілік көзі де денсаулыққа байланысты.

Спортпен шұғылдану үшін міндетті түрде үлкен кешендерге, жаттығу залдарына бару қажет емес. Біз бар болғаны спортты өмір салтымызға айналдыруымыз керек. Ал кейде біздің бос уақытымыз той-томалақпен, ойын-сауықпен өтіп жатады.

Өңірімізде соңғы кезде той тойлайтын нысандардың ішінара спорт алаңдарына айналып жатқаны көңіл қуантады.

«Той тойлайтын емес, ой ойлайтын заманда» денсаулыққа бір сәт назар аударып қойғанымыз абзал,- деді облыс әкімі Ғали Есқалиев. Еске сала кетсек, дәл қазір облыс әкімі онлайн режимде халық алдында есеп беруде. Есеп «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале