Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
23 Наурыз 2023

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз 2023

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Тоқаев: Келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл биылғыдан қиын болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
1

Президенттің сөзінше, халық үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына шағым айтып жатыр.

"Халық сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін".

Мемлекет басшысы үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу екенін баса айтты.

"Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма?"- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдардың назары енді халықтың шынайы ұмтылысына емес, шындыққа қатысы жоқ әлеуметтік желілердің арналарына аударылып жатқанын айтты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале