27.06.2026, 9:30
Оқылды: 70

Төрт қосымша тальго пойызында вагон-мейрамхана іске қосылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы жолаушылар легінің артуына байланысты қосымша қатынайтын төрт тальго пойызының құрамына вагон-мейрамханалар іске қосылды.

Dining Car in Train

Фото: istockphoto.com

Бұл қосымша қызмет жазғы маусымда №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық, №211/212 Алматы-2 – Достық, №207/208 Алматы-2 – Достық және №231/232 Алматы-2 – Семей бағыттары бойынша көрсетіледі. Вагон-мейрамхана мәзірінде ыстық тағамдар, сорпалар, салаттар, бәліштер, десерттер, түрлі сусындар және балаларға арналған арнайы ас түрлері қарастырылған.

Бұдан бөлек тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі де жұмыс істейді. Ол үшін күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті.

Қазіргі таңда ұлттық тасымалдаушының 51 бағыты бойынша жолаушыларға тамақтану қызметі ұсынылады. Оның ішінде тальго пойыздарында 23 вагон-мейрамхана, фирмалық пойыздарда 10 вагон-мейрамхана, стандартты пойыздарда 11 вагон-мейрамхана және 7 вагон-буфет қызмет көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале