28.10.2019, 17:25
Оқылды: 223

«Toyota Land Cruiser Prado» көлігін оралдық ұтып алды

Тағы бір оралдық «Halyk bank» ұсынған ұтыс ойынның ең соңғы кезеңінің жеңімпазы атанды. Орал қаласының тұрғыны Арман аталған банкте несие рәсімдеп «Toyota Land Cruiser Prado» темір тұлпарын ұтып алды.

HJ5A5016

Бұл туралы Halyk Bank-тің баспасөз хатшысы Досбол Арыстанбеков фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Орал қаласының тұрғыны, Арман есімді біздің тұтынушымыз жеңіске жетіп, су жаңа автокөлікке ие болды. Оның жасы 38-де. Екі баланың әкесі», - деп жазады Д.Арыстанбеков.

Естеріңізге сала кетейік, ұтыстың екінші кезеңінде Toyota Camry көлігі Орал қаласының тұрғыны Зубайда Қонақбаеваға бұйырған еді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале