21.04.2021, 19:04
Оқылды: 136

Тұрғындар коронавирусқа қарсы күресті оңтайлы ұйымдастыру бағытындағы өз ұсыныстарын жолдай алады

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңіріміздің Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласы  "қызыл" аймақта.  Ал "сары" аймақта Тасқала, "жасыл" аймақта Бөкей ордасы, Жаңақала Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандары. Облыс бойынша індет жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 237-ге жетіп, төрт мектеп толығымен карантинге жабылды. Бұл туралы кеше облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев екі аптадан бері індет жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамнан төмен түспей тұрғанын айтты.

-Бізде енді жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орындар жетіспейді. Осыған байланысты қосымша 200 орын дайындаудамыз. Өкінішке орай, мониторингтік топтардың жұмысы КВИ-мен күресте үлкен нәтиже бермейді. Отбасылық, үйлену тойлары жалғасуда, ал қоғамдық көліктерде адамдардың дені тұмша тақпайды, әлеуметтік қашықтық та сақталмайды. Қала әкімі мен аудан әкімдеріне бұл жұмысты, әсіресе түрлі іс-шаралар өтетін күні күшейтуді тапсырамын. Орал қалалық 2-ші және 4-ші емханалардың Колл-орталықтары қоңырауларға жауап бермейтіні белгілі болды. Бұл процесс шұғыл түрде реттелуі керек. Барлық телефондар көрсетілген уақытта жауап беруі тиіс. Егер осы аптада КВИ науқастарының төмендеуі тіркелмесе, біз шараларды күшейтеміз. Мемлекеттік органдарға, жедел штаб мүшелеріне коронавирусқа қарсы күрес бойынша жаңа ұсыныстар мен әдістерді енгізу қажет, - деді жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Тұрғындар 8-707-808-48-55 нөміріне WhatsApp мессенджері арқылы коронавирусқа қарсы күресті дұрыс ұйымдастыру үшін өз ұсыныстарын жолдай алады. "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінің ақпарат қабылдау нөміріне түскен ұсыныстар коронавирусқа қарсы жедел штаб мүшелеріне, мемлекеттік органдарға жинақтап беріледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале