15.11.2023, 9:15
Оқылды: 63

Үкімет отырысы: мемлекеттік бюджетке 15,5 триллион кіріс түскен

Осыған дейін Үкіметте Қазақстан Үкіметінің отырысы өтіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Отырыста министрлер 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуын баяндап жатыр.

IMG_20231115_085354_828

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің баяндауынша, 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен кірістердің сомасы 15,5 трлн теңгені құрап, жоспар 98,3%-ке орындалды.

Атап айтқанда, республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге, жергілікті бюджетке 5,1 трлн теңге қаражат түсті.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,2%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,2%-ке орындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале