Қазақстанда 25 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды
25.09.2026, 13:09
Оқылды: 9

Үкіметтік комиссия өкілі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Избергеновтің мәлімдемесі

Құрметті қазақстандықтар!

1ae693f55d531c5d404147866849022a8badad017b3d45322b9502b5a093b2c2_1280x720

Бүгін сағат 09:15-те үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, оқиға болған аумақтағы іздестіру жұмыстары толық аяқталды - деп жазды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туысы мен жақындарына, сондай-ақ қаруластарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде, қылмыстық іс қозғалды. Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауда.

Тергеу барысында болған оқиғаға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап беріледі. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу және сот нәтижесінде кінәсі анықталған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Негізгі міндет – қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтап, қажетті шаралардың барлығын қабылдау.

Тергеу нәтижелері мен барлық ресми ақпарат қоғам назарына уақытылы жеткізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале