28.10.2022, 15:15
Оқылды: 42

Украиндықтар кириллицадан латын әліпбиіне көшу туралы петиция жариялады

 Украина президентінің ресми сайтында украин тілін латын әліпбиіне көшіруді талап еткен петиция жарияланды.

e81b7b9f9e654a3d17d4a017489c0ae6_resize_w_742_h_365

 «Қазіргі ағылшын әліпбиінің аясында украин әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз. Латын әліпбиіне көшуге нақты себеп көп», - делінген петицияның мәтінінде.

Ережеге сәйкес, петицияны мемлекет басшысының қарауына жіберу үшін 25 мың дауыс жинауы керек.

Алматы, NEGE.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале