БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Ұлттық ұлан әскери бөлімінде сарбаздардың арасында жігіттердің сұлтаны анықталды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде сарбаздардың арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 18.24.39

WhatsApp Image 2023-03-22 at 18.24.41
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, серілер сынына білекті де жүректі 6 жігіт қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл шара жігіттерді тапқырлыққа, шешендікке, батырлыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстыру, өз өнері, гір тасын көтеру, қол күрес және салт дәстүрден қойылған сұрақтарға жауап беру бойынша бақтарын сынады.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 18.24.38
Сайыс барысында жауынгерлер өз өнерлерін ортаға салды. Бес кезең бойынша өткен сайыстың қортындысы бойынша 1-орынға әскери бөлімнің жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының сарбазы, қатардағы Бекзат Назаров қол жеткізіп, әскери бөлім жігіттерінің сұлтаны атанса, 2-орынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының жауынгері, қатардағы Асылбек Жағыппарұлы қол жеткізді, ал жүлделі 3-орынды жедел мақсаттағы ротасының сарбазы, қатардағы Бекзат Қосалиев иеленді.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 18.25.49
- Осындай шараны сарбаздардың арасында өткізудің маңызы зор. Мұндай сайыс сарбаздарды болашаққа бағыттап, батылдық пен шымырлыққа тәрбиелейді дейді, - сегіз қырлы, бір сырлы жігіттердің өнеріне төрағалық еткен бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов.
Шара соңында әскери бөлімнің әйелдер кеңесі сарбаздарға арнап мерекелік дастархан жайып, шашу шашып, бауырсақ пен наурыз көже таратты. Сондай-ақ сайыс қортындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале