12.10.2021, 10:17
Оқылды: 115

Вакцина алу маңызды

Ислам  дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет. Дана халқымыз  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол  ізде»  деген.  Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын  қарастыруы тиіс. Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус  індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтып жүр.

WhatsApp_Image_2021-04-16_at_13.30.08

«Ислам дінінде екпе жасауға тыйым салынбайды. Керісінше, ислам діні әрбір адамға өз өмірі мен денсаулығына дұрыс күтім жасауға және ауру-сырқаттан емделудің алдын алу жолдарын іздеуге міндеттейді. Алла елшісі: «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты. Бір дерттің ғана дауасы жоқ, ол – кәрілік», – деді. Дегенмен, вакциналау әрбір азаматтың келісімі бойынша орындалуы керек. Бірақ жұқпалы аурулар күшейіп, өзіне және өзге адамдарға зияны тию ықтималы артса, сол ауруға қарсы екпе алу қажет болады.

Елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиялық ахуал бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Қазіргі таңда коронавируспен күресудің бірден-бір әрі сенімді жолы – вакцина салу. Қиындықтан шығу жолын ертерек ойластырған өзге ел-дер тәжірибе жасап, сөзіміздің дұрыстығын дәлелдеді. Мәселен, Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты вакцина салдырудан көш басында тұрған елдерде білім, туризм,сауда, шағын және орта бизнес секілді түрлі салалардың жұмыстары қайта жанданып отыр. Коронавирустың жаппай таралуын ауыздықтай алды. Экономиканың қайта қалпына келуін қамтамасыз етті. Сондықтан пандемияға қарсы күресте және вакцина салу кезінде осы елдің ұтымды тәжірибесін ескергеніміз жөн. Қазақстан азаматтардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы туралы тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әуелі өзімізді, ата-ана және жақындарымызды қорғау үшін вакцина салдыруғашақыру керек. Бұл – біздің азаматтық парызымыз. Қазақ жеті жұттың біріне індетті де жатқызған. Кезінде шешек, тырысқақ, оба, сүзек ауруларынан талай адам қырылғаны тарихтан белгілі. Тиімді  вакцина болса, неге өзімізді екпе арқылы аурудан қорғап қалмасқа?! Әлемде вакцина алуға қауқары жетпей, тұрғындарын түрлі аурулардан қорғай алмай отырған елдер де барын ұмытпаған жөн. Сoндықтaн қaуіпті індeттeн қopғaнуғa, мeмлeкeт тapaпынaн жacaлынып жaтқaн жұмыcтap мeн бeлгілeнгeн дәpігepлepдің ecкepтпeлepін мүлтікcіз opындaуғa мүддeлі бoлғaнымыз aбзaл.

Қорытындылай келе, екпе алу ислам негіздеріне қайшы емес және вакцина ем әрі қорғану тәсілі. Бұған қоса вакцинаның маңыздылығын халыққа түсіндіру керек. Бұл тұрғыда, адал сертификатталған вакциналар шығаруды және иммунитеті сезімтал адамдар қабылдаған стандартта қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл мәселеде ең дұрыс шешім, сенімді әрі ұлттық кодымызға сай етіп, өз мемлекетімізде вакциналарды өндіру. Вакцинаның құрамында діни тұрғыдан тыйым салынған заттың болуына қарамастан, қолдануға рұқсат етіледі. Өйткені вакцина жұқпал ы аурулармен күресуде қолданылады. Осы себептен де,  тек бір адамды емес, қоғамға төнген қауіптің алдын алу мақсатында басшылық вакцинаны міндетті етуге мүмкіндігі  бар.

Бағдат  Адайхан, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологі

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале