Спорт ардагерін еске алу турнирі өтті
6 Желтоқсан 2021

Спорт ардагерін еске алу турнирі өтті

Еңбекшілер алғысқа бөленді
6 Желтоқсан 2021

Еңбекшілер алғысқа бөленді

Шаһар басшысынан  алғыс алды
6 Желтоқсан 2021

Шаһар басшысынан  алғыс алды

Тегін газет жаздырды
6 Желтоқсан 2021

Тегін газет жаздырды

Ғасыр жасаған ананы құттықтады
6 Желтоқсан 2021

Ғасыр жасаған ананы құттықтады

Аралтөбеде қазақ күресі секциясы ашылды
6 Желтоқсан 2021

Аралтөбеде қазақ күресі секциясы ашылды

Вакцина бедеулікке соқтыруы мүмкін бе?

Осыдан біраз уақыт бұрын WhatsApp әлеуметтік желісінде «Вакцина салдырғаннан кейін бала көтере алмайсың» деген бағыттағы жазбалар тарады. Тіпті, сондай жазбалардың арасында  «Вакцина адамның  ДНК-сына еніп, оны өзгертуі мүмкін» (ДНК – ағзаның  генетикалық дерегін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыратын микрожасуша)  дегендері де кездесті. Вакцина бала көтеруге кедергі келтіре ме?  Екпе  салдырғаннан кейін қанша уақыттан соң  жүктілікті жоспарлау  керек?  Осы және  вакцина төңірегіндегі  бірқатар  сауалдардың жауабын Орал қалалық  №5  емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Гүлнұр Есеновадан білген едік.

WhatsApp Image 2021-10-15 at 09.55.32 

Оның айтуынша, бүгінде қолдануға рұқсат берілген вакцинаның бірде-бірінен эмбрионға кері әсер ету немесе мутация туғызу белгілері байқалмаған. Сондықтан вакцина алған әйелге антидене түзілгенше күтіп, кейін бала көтеруге болады. Нақтырақ айтсақ, бала көтеруді вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін үшінші, төртінші аптаға қарай жоспарласа болады. Егер вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін келіншек жүкті екенін білсе, баланы алдырудың қажеті жоқ. Бірақ екпенің екінші құрамын алмағаны абзал. Коронавирусқа қарсы вакцинаның белсіздік пен бедеулікке әкелмейтіні жүз пайыз дәлелденген.

– Вакцинаны жалпы жұртқа егу науқаны басталмай тұрып, клиникаға дейінгі сынақтарда оның қауіпсіздігі мен иммунногендігі тексеріледі. Сондай-ақ вакцинаның эмбрионға әсер ету және мутация туғызу қабілеті зерттеледі. Әртүрлі жануарларға сынақ жүргізіледі. Елімізде коронавирусқа қарсы  егіліп жатқан вакциналардан қауіп жоқ. Адамның ағзасында РНҚ-ны (рибонуклеин қышқылы) ДНК-ға айналдыратын да механизм жоқ. Яғни екпе адамның ДНК-сына әсер етпейді. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адам да індет жұқтыруы мүмкін. Өйткені әлемдегі бірде-бір вакцина жүз пайыз қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, БЦЖ вакцинасын алайық. Ол туберкулездің ауыр формаларынан, туберкулезді менингит пен туберкулездің басқа да кең таралған түрлерінен қорғайды. Қызылшаға қарсы вакцина да аурудан қорғайды, бірақ 100% емес. Бәрі адамның иммундық жүйесі мен популяциялық иммуни-теттің ерекшелігіне байланысты. Айталық, жиі ауыратын, иммунитеті әлсіз, гормоналдық препарат ішіп жүрген адам болсаңыз, әрине, ауырып қалуыңыз мүмкін. Бірақ ауру асқынбастан, әлдеқайда жеңіл өтеді. Вакцинация  созылмалы аурулары бар науқастарға дерттері мазаламаған кезде жүргізіледі. Мысалы, адамның күйзеліс жағдайында күретамыр қысымы мен қан құрамындағы глюкоза артады. Күніне бірнеше рет тұншығу ұстамасы болатын асқыну кезеңіндегі астма жағдайында екпені кейінге шегеру қажет. Қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, астма секілді  өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар науқастар  коронавирус ін-детін жұқтырса, оларда инфекция асқынулармен өтеді және көбінесе өлімге алып келеді. Сондықтан олар дерттерінен емделген соң вакцина алуы қажет.

Тамақ өнімдерінен, жәндіктердің шағуынан, косметикалық құралдардан болатын аллергиялық әсерлер вакцинацияға қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Маусымдық аллергия да COVID-19-дан вакцинацияға қарсы көрсеткіш емес, – дейді дәрігер Гүлнұр  Есенова.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале